Бета-тестерді қалай қосуға болады

[НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ]: Сіздің бета-тестеріңіздің, сіз оны қоса алатындай, edX EKTU-де белсенді тіркеу жазбасы болуы керек.** Оны іске қосу үшін бета-тестер осы платформада өзінің есептік жазбасына кіруі керек.

Open edX-тің басты парақшасына кіріңіз: https://edx.ektu.kz/dashboard немесе https://edx-dev.ektu.kz/dashboard

Өз курсыңызға кіріп «Преподаватель» қосымша парақшасына, содан кейін «Участники»-ді басыңыз.

«Управление командой курса» бөліміне дейін төмен қарай түсіңіз және ашылмалы мәзірден «Бета-тестерді» таңдаңыз.

Сіздің бета-тестердің электрондық пошта мекенжайын «Введите имя пользователя» өрісіне қойыңыз

Әріптесіңізді сіздің курсқа қосу үшін «Добавить бета-тестера» батырмасын басыңыз.

Егер пайдаланушы сәтті қосылмаса, қате туралы хабарлама аласыз. Мұнда сіз көре алатын бірнеше хабарламалар бар.

  1. Жүйе қатені көрсетеді Не удалось найти пользователя с именем пользователя или электронным адресом 'user@host.com'
  2. Жүйе қатені көрсетеді: Пользователь 'user1' ещё не активировал свою учётную запись.

    Оларға қандай да бір рөл берілмес бұрын, пайдаланушылар өздерінің тіркеу жазбасын жасап, іске қосуы керек.

Әріптесіңізге хабарласыңыз және оның сізге поштаның дұрыс мекен-жайын хабарлағанына және оның белсенді тіркеу жазбасы бар екеніне көз жеткізіңіз. Кедергілерді жойғаннан кейін бета-тестерді қосыңыз және оның сіздің курсқа қол жетімділігі бар екенін тағы бір рет растаңыз.