Мәтінді форматтаудан қалай тазартуға болады

https4html.net

Сіз көшіретін мәтіннің көп бөлігі форматтаудың түпнұсқасын сақтайды. Кейде бұл пайдалы, бірақ біздің жағдайда олай емес. Біріншіден, біз курстың түпнұсқа Open edX стилін қолданғанын қалаймыз. Екіншіден, сіз деректерді көшірген құжат дұрыс форматтауды қолданбауы мүмкін. Төмендегі видеода сіз құжаттағы тізім элементтерінің біреуі кіші мәтінннің (абзац) орнына тақырып стилін қолданатынын көресіз. Сонымен, сіздің курсыңыз кәсіби көрініске ие екенін және барлық беттері бірдей стильді қолданатынына көз жеткізейік.

Мәтінді көшіру кезінде алдыңғы форматтауды жоюдың екі әдісі:

  1. HTML Tidy қолдану
  2. блокнот.exe қолдану

HTML Tidy қолдану

Қажетсіз стильді жою үшін, <https://htmltidy.net / > сиақты HTML тазалау сайттарын пайдалана аласыз. Бұл сайттар тақырыптар, абзацтар және қалың шрифт сияқты негізгі стильдерді сақтайды.

Нұсқаулық:

  1. Құжаттан мәтінді көшіріңіз
  2. Мәтінді HTML Tidy сол жақ жолағына қойыңыз
  3. Бастапқы форматтауды жою үшін «Tidy» батырмасын басыңыз
  4. Тазартылған мәтінді Tidy-ден көшіріңіз
  5. Курсыңыздың мәтіндік редакторына қойыңыз.
  6. Дұрыс тақырыптарды қолданыңыз (3-6 тақырыптар)
  7. "маркированный список" және "нумерованный список" батырмаларын пайдаланып тізімдерді түзетіңіз және қажет болған жағдайда қосымша стильдерді қосыңыз.
  8. \ "Студенттің көзімен\" өзгерістерді көру үшін алдын-ала қарауды ашыңыз.

Tidy HTML көмегімен бейне көрсетілім:

блокнот.exe қосымшасын пайдалану

Барлық фоматтауды жою үшін, сіз блокнот.exe пайдалана аласыз. Кейде сізге тақырып немесе қалың қаріппен немесе курсивпен ерекшелеу сиақты түрнұсқалық форматтаусыз тек мәтін қажет болған кездер болады.

  1. Windows Пуск мәзірінен блокнот.exe-ні ашыңыз.
  2. Мәтінді түпнұсқа құжаттан блокнотқа көшіріңіз
  3. Блокноттан мәтінді көшіріп, оны Open edX-тің мәтіндік редакторына қойыңыз.
  4. Қажет болса форматтаңыз: тақырыптар, тізімдер, және т.б. қосыңыз

Notepad.exe көмегімен бейне көрсетілім